Су тасқынынан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады

Azattyq Rýhy

Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады

Су тасқынынан зардап шеккендер көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алады
Фото: Azattyq Ruhy

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендер eGov Mobile қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Ілкі жобаны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Өтінім беру үшін мобильді қосымшаға кіріп, басты бетте «Су тасқынынан зардап шеккендер бойынша жаңа сауалнама» қызметін табу қажет. Сол жерге өзіңіз туралы барлық ақпаратты, соның ішінде банк шотын, байланыс нөмірлеріңізді, оқиғаның мекен-жайын, уақытша тұрғын үй мен зардап шеккен мүлік туралы ақпарат, залалдың сипаттамасын көрсету қажет. Барлық деректерді толтырғаннан кейін сауалнамаға ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

«Әлеуметтік көмек» автоматты ақпараттық жүйесі арқылы өтінім оқиға орын алған ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдарға түседі. Өңделген өтінімдер бойынша зардап шеккен мүлікке көшпелі бағалау жүргізіледі және қажетті қолдау көрсетіледі», - деп хабарлады министрлік.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.