ШұғылАлматыда ағаштарды заңсыз кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚШ-тан 55 Қазақстан азаматы елге оралды

Олар Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келді

фото: СІМ

Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бірқатар халықаралық әуе рейстердің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі Елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшыуын ұйымдастырды. Бұған дейін осы бағыт бойынша ҚР 33 азаматы аман-есен елге оралған болатын», - делінген СІМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сауд Арабиясынан жүрген 33 қазақстандық елге оралды