$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.03.2020, 02:25
Үкімет

Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді

ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті

Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өткізілді, деп хабарлады primeminister.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал және карантинге дайындық туралы әкімдер А. Көлгінов пен Б. Сағынтаев, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу жағдайы туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, тарифтерді реттеу және сауда нысандарындағы бәсекелестікті қорғау мәселелері туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, мемлекеттің әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілуі және өңірлердегі тұрақтандыру қорларын қолдау шаралары туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады.

«Мемлекет басшысы азаматтарды азық-түлік өнімдерімен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету міндетін қойды. Орын алған жағдайды ескере отырып, нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету шараларын қабылдап, шұғыл әрекет ету қажет», — деді А. Мамин.

Қаржы және сауда министрліктеріне ішкі нарықты молықтыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына импорттық салықты алып тастау мәселесін пысықтау тапсырылды. Бұл ретте әкелінетін тауарларға фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау жүргізуді сақтау қамтамасыз етілуі тиіс.  

Өңірлер әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жай-күйіне күн сайын мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда шекті бағаларды белгілеп, интервенция өткізу арқылы тиісті шұғыл шараларды қабылдау бойыша тапсырма берілді.  

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді тапсырды.  

Премьер-Министр төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік шекарадан өту мәселелері бойынша шешім қабылдау тәртібін бекітуді, сондай-ақ транзиттік көліктің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары