$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Проблемалық мәселе»: Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың компаниялар алдындағы қарызын айтты

Отын қоймаларында 3,3 млн тонна бар

«Проблемалық мәселе»: Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың компаниялар алдындағы қарызын айтты
Фото: sputnik.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында энергия өндіруші ұйымдардың берешегі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Энергия көздерінің отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір және 95 мың тонна мазут жинақталған. Сонымен қатар, слайдта көрсетілген 8 станцияда отын қоры нормадан төмен. Энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегінің едәуір көлемі маңызды проблемалық мәселе болып табылады. Энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамы алдындағы берешегі 15 млрд 574 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» мекемесінің алдында 6 млрд 541 млн теңге сомасында берешегі бар», - деді ол.

Оның айтуынша, энергетикалық кәсіпорындардың берешектері слайдта көрсетілген.

«Энергетикалық кәсіпорындар қарызды өтеуді жеделдетуі қажет. Алдағы 2023-2024 жылғы күзгі – қысқы кезеңге сәтті дайындық үшін жөндеу жұмыстарының қажетті көлемде және келісілген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деді ол.

Министрдің айтуынша, жоспарланған жөндеу жұмыстарының көлемін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу керек.

Серіктес жаңалықтары