$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Риддерде 6 қазандық жөнделіп жатыр – Энергетика министрі

Екібастұздағы 10 қазандық та жөнделмек

Риддерде 6 қазандық жөнделіп жатыр – Энергетика министрі
Фото ашық дереккөзден

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында өңірлердегі жылу станцияларының жөнделуі туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Меншік иелері тарапынан жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың болмауына байланысты Әкімдік, Өскемен жылу желілері және Риддер жылу электр орталығы акционерлік қоғамының арасында станцияда жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар барлық 6 қазандық бойынша жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, қажетті материалдар сатып алынады, құбыр өнімдері жылу электр орталығына әкелінуде. Сондай-ақ жылу желілеріне жөндеу жүргізілуде», - деді министр.

Сәтқалиев Премьердің тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатқанын айтты.

«Екібастұз жылу электр орталығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 7 қазандықта жұмыс жүргізілуде. Коммуналдық меншікке қабылданған 5 су жылыту қазандығын жөндеуге Үкімет резервінен 7,4 млрд теңге бөлінді. Қалған 5 бу қазандығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар «Орта Азия электр энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының есебінен жөнделеді», - деді ол.

Ал «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының Екінші жылу электр орталығында №1 қазандығын жөндеуді аяқтау мерзімі мамырдан тамызға дейін 3 айға ұзартылды.

«№7 жаңа қазандықтың құрылысы бойынша қазандық барабанының жарамдылығы туралы сараптама жүргізу қажет. Жезқазған жылу электр орталығында № 4 қазандықты жөндеуді жеделдету, сондай-ақ энергетикалық жабдықтың барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары