$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.03.2020, 12:41
Үкімет

Қазақстандағы азық-түлік қоры 5-6 айға жетеді – Сапархан Омаров

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, кейбір өнімдер артығымен өндіріліп жатыр

Қазақстандағы азық-түлік қоры 5-6 айға жетеді – Сапархан Омаров

Айта кетейік, кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов брифинг өткізіп, коронавирусқа байланысты Қазақстанның сақтық шаралары туралы айтқан соң, әлеуметтік желіде қаладағы дүкендерге лық толы адам мен бос тұрған сөрелердің суреті тараған еді. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеме жасап, Қазақстанда азық-түлік қорында тапшылық жоқ екенін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, сонымен қатар, облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірігіп, жедел штаб құрдық. Жедел штабтың негізгі мақсаты  - еліміздің азық-түлікпен қаматамыз етілуіне мониторинг жасап отыру. Бұл мониторинг күнделікті жүріп отырады.

Мониторингтің жедел ақпаратына қарасақ, елімізде күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейі өте жоғары.  Бүгінгі ақпарат бойынша,  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры 1,2 млн тоннаға тең. Бұл әр адам басына шақсақ, қорымыз 5-6 ай бойы елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге толық жетеді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Оның айтуынша, өнімдердің күнделікті өндірісі тоқтамайды. Сондықтан, «шу шығаруға негіз жоқ».

«Бір-екі мысал келтірейін. Кейбір тауар түрлері артығымен өндіріледі. Мысалы, біздің ең басты азығымыз – ұн. Қазір біз 3 млн тоннадан астам ұн өндіреміз. Бұл көрсеткіш өзіміздің ішкі нарықтағы сұранысты 204 пайызға қамтамасыз етеді. 144 мың тонна күріш өндіреміз, бұл халықтың сұранысын 190 пайызға қамтамасыз ете алады. Макорон өндірісі бүгінгі күні 165 мың тоннадан асады, ал біздегі тұтыну көлемі 153 мың тонна. Яғни, 108 пайызға қамтамасыз  етіп отырмыз. Тағы бір маңызды азықтың бірі – картоп. Картоп өндірісі қазір 3,9 млн тонна, оны толық өзіміз өндіріп отырмыз. Бұл - біздің ішкі нарықты 107 пайызға қаматамасыз етеді», - деді Омаров.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары