$ 520.91  544.25  5.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан қант тапшылығымен қалай күреседі

Үкімет қант өнеркәсібі бойынша кешенді жоспар әзірлеген

Қазақстан қант тапшылығымен қалай күреседі
Фото ашық дереккөзден

Үкімет қант өнеркәсібі бойынша кешенді жоспар әзірледі. Бұл жайында АШМ Агроөнеркәсіптік нарық және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстанда қант бойынша импорттық тәуелділік өте жоғары деңгейде. Елімізде қанттың 40 пайызы отандық өндірістікі болса, 60 пайызы шетелден импортталады. Оның басым бөлігі Ресей мен Беларусьтан әкелінеді. Өткен жылы қант жеткізу проблемасы Ресейден олардың тауарды экспорттауға шектеу қоюына байланысты болды. Бұл азық-түлік қауіпсіздігі проблемасының бетін ашты. Дүкендердегі қант бағасы аз уақыттың ішінде келісіне 490 теңгеден 900 теңгеге қымбаттап кетті»,- деді Қанат Жауымбаев.

Ол атағандай, биыл Үкімет қант өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспар қабылдады.

«Ол 33 тармақтан тұрады. Бүгінгі таңда кей тармақ бойынша мәселелерді талқылау керек. Кешенді жоспар аясында жайылымдық жерлерді көбейту жоспарланып отыр. 2024 жылға таман егістікті 25 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Қант қызылшасының егістік жерлерін кеңейту биыл 10,2 гектарға жүзеге асырылады»,- деді Қанат Жауымбаев.

Ол биыл импорттық баж салығын алу туралы ұсыныс ЕЭК-ке отырысына шығарылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары