$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздегі электр желілерінің 66%-ы тозған - Энергетика министрі

Болат Ақшолақов жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде жүйелік шараларды қабылдау қажет екенін айтты

Еліміздегі электр желілерінің 66%-ы тозған - Энергетика министрі
Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта еліміздегі электр желілерінің орташа тозуы шамамен 66% құрайды, бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында 81%. Осыған байланысты 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 183 жағдайға және өндірістік жарақаттану саны 7 жағдайға ұлғайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты.

2023 жылы қабылданатын «Инвестиция орнына тариф» жаңа бағдарламасы аясында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметке шекті тарифті айына 1 МВт үшін 590 мың теңгеден 2 млн  теңгеге дейін ұлғайту, кейіннен инфляция деңгейіне сай индекстеу көзделген.

«Бекітілген шекті тарифтерде электр және жылу энергиясын өткізуден алынатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызметін және амортизациялық аударымдарды іске асырудан алынатын қаражатты нысаналы пайдалану бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажет», - деді министр Болат Ақшолақов.

Үкімет отырысында аталған мәселелерді министр жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешуді талап етіп, шұғыл жүйелік шараларды қабылдау қажет екенін айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар бұрын бөлінген жер учаскелерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, Иесіз электр желілерін анықтау және оларды коммуналдық меншікке қабылдау, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу және осы объектілерді энергия беруші ұйымдардың теңгеріміне одан әрі беру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары