21.02.2020, 10:26
Үкімет
Қайрат Рахымов – Энергетика вице-министрі
Жаңа вице-министр Теміртау қаласында дүниеге келген
фото: pm.kz
Бүгін Үкімет қаулысымен Қайрат Болатұлы Рахымов Энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Қайрат Рахымов 1985 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және Сеул ұлттық университетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласында «Қарағанды-Жарық» ЖШС-да электромонтер болып бастаған.
- 2007-2015 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде және Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
- 2015-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары.
- 2018 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаментінің директоры қызметін атқарды.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты