19.02.2020, 10:55
Үкімет
Алдағы бес жылда елімізде 13 жаңа аэродром салынады – вице-министр
Бұл ішкі туризмнің өсуіне септігін тигізбек
2020 жылы Үшарал және Үржар әуежайларындағы ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылады. Сондай-ақ Түркістандағы жаңа халықаралық әуежайдың құрылысы аяқталады, - деп хабарлайды Kapital.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевке сілтеме жасап.
Сонымен қатар вице-министр жоспарланып отырған аэродром құрылыстары жайында да айтқан.
«Бүгінгі таңда 3 аэродром (Үшарал, Үржар, Зайсан) жұмыс істейді. 2025 жылға дейін тағы 13 аэродром салу көзделіп отыр», - деді Берік Қамалиев.
Ал «ашық аспан» аясында 14 жаңа халықаралық авиабағыттарды ашу жоспарланған. Сонымен қатар былтыр ел әуежайлары арқылы 8,6 млн жолаушы тасымалданыпты.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды