Қазақстанның 217 азаматы чартерлік ұшақпен Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Эвакуация әлі жалғасады

Бүгін Премьер-министр алдында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді баяндады.

Қазақстанда коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелмеген. ҚР-да ЖРВИ симптомдары мен жоғары температурасы бар 134 адам ауруханаға жатқызылды, олардың 106-сы сауығып шықты, 28-і әзірге стационарларда емделуде. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

«Медициналық ұйымдар тұрғылықты жері бойынша Қытайдан келген азаматтардың денсаулығын мониторингілеу бойынша жұмысты жалғастыруда, 24 167 адам қамтылды, оның ішінде 1298-і – шетел азаматтары. Соңғы 14 күн ішінде ҚХР-дан келген 8 851 адам медициналық бақылауға алынған, қалған 15 316-сы инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты мониторингтен шығарылды»,- деді Е.Біртанов.

Орталық референс-зертхана базасында Аса қауіпті инфекциялар ұлттық орталығы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйені әзірледі. Халықаралық ынтымақтастық аясында Роспотребнадзордан 2000 зерттеуге диагностикалық жүйелер алынды және ҚХР-дан 5000 зерттеуге сатып алынды.

«Бүгінде ҚХР аумағында 497 ҚР азаматы бар, олардың 337-сі студенттер. Биылғы 10 ақпаннан 11 ақпанға дейін ҚР 217 азаматы «Эйр Астана» әуе компаниясының чартерлік ұшағымен Бейжің қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Осы жылдың 12 ақпанында ҚХР-дан ҚР 145 азаматын осындай рейспен шығару жоспарланған. Азаматтарды елге эвакуациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін ҚХР аумағында Қытайда қалуға ниет білдірген ҚР 343 азаматы қалады», - деді Тілеуберді.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстарын жалғастыруды, Сыртқы істер министрлігіне ҚХР-дағы қазақстандықтармен тығыз байланыс орнатып, оларға қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Премьер-Министр монополияға қарсы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігінің назарын дәріхана желілеріндегі медициналық маскалар мен вирусқа қарсы препараттарға бағаны жасанды көтерудің жекелеген фактілеріне аударды.

«Мәселенің мән-жайын анықтаңыздар. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің әкімдері жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы керек», - деп түйіндеді А. Мамин.

 

Тегтер:
Сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты