Қытай аумағында 719 Қазақстан азаматы бар – СІМ

Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін Қытайға тағы екі ұшақ жіберіледі

Фото: reuters

Қазақстан үкіметі Ухань қаласында тараған қауіпті коронавирусқа байланысты Қытайдағы өз азаматтарын эвакуациялауды жалғастырады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«10 және 12 ақпанда Қытай билігімен келісім бойынша қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін Бейжіңге «Air Astana» әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады. Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 қытай азаматын, сондай-ақ Қытай елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта ҚХР аумағында 719 Қазақстан азаматы бар, олардың 391-і отанына оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген. Қалғандары - дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуға тілек білдірді.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр