$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 12:15
Үкімет

Қазақстан 2050 жылы ииновациялық технологиялар есебінен 5 трлн теңге пайда таба алады - Мамин

Алматыда ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Қазақстан 2050 жылы ииновациялық технологиялар есебінен 5 трлн теңге пайда таба алады - Мамин

Негізгі тақырып - одаққа қатысушы елдердің өзара экономикалық байланысы мен цифрлық интергациясын дамыту. Келелі кездесуге Қазақстан, Ресей федерациясы, Молдова, Белорусь Республикасының премьер-министрлері келді. Ал Армения мен Қырғызстан Үкімет басшыларының орынбасарларын жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 «Digital Almaty» халықаралық форумына  Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларынан бөлек  ақпараттық технология саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, әлемдік транскорпорациялар басшылары және бизнес қоғамдастықтың өкілдері қатысып жатыр.  Осымен үшінші рет өткізіліп жатқан форумды ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин ашып берді.

Қазақстан Үкіметінің жетекшісі форумда Астана халықаралық қаржы орталығының базасында «Төртінші өнеркәісіп революциясы орталығын» ашу туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Ол жасанды интеллект саласын дамыту бойынша аталған орталықты үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын атап өтті.

«Халықаралық экономикалық форуммен бірігіп Астана халықаралық қаржы орталығының базасында «Төртінші өнеркәісіп революциясы орталығын» ашу туралы келісімге қол жеткіздік. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтіп отырмыз. Одан тыс Қазақстанда жасанды интеллект бойынша алғашқы қадамдар жасалған.

Смарт үкімет жобасы аясында бұл жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ  Назарбаев Университеті жанынан «Смарт систем»  инситуты  жасанды интеллект бойынша іс атқарып жатыр. Оның әлеуетін пайдалана отырып, Назарбаев Университеті Дүниежүзілік банкпен бірігіп ұлттық жасанды интеллект орталығын құру мүмкіндігіне ие. Ол жерде түрлі зерттеу алаңдары қалыптасқан»,- деді Асқар Мамин

Қазақстан Премьер - министрі 2050 жылы инновациялық технологиялардың дамуы арқасында Қазақстан 5 трлн теңге пайда таба алады. Бұған көліктік инфрақұрылым, логистика, тау-кен өнеркәсібі саласына жасанды интеллектінің енгізілуі септігін тигізеді деп есептейді. Ал осы саладағы бәсекелестікке жол ашатын қадам ЕАЭО аясындағы цифрлық интеграцияға да байланысты. Жасанды интеллект технологиясын дамытуға жасалған бастамалар қазір экономикалық одақтас елдер арасында қалыптасып келеді. 

Форумда сөз алған РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Сандық жүйеге көшу жұмыссыздықты көбейтеді деген пікір білдірді.

«Бүгінгі жиын Евразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында сандық технологиялар бойынша қордаланған мәселелерді бірге талқылауға жол ашады. Бұл еңбек қатынасын дамытуға және салықтық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Біріккен экономикалық тұтыну деген түсінік бар. Егер осыны қалыптастырсақ, делдалдық деген ұғымнан біржолата кетуге болады.

Сатып алушы мен сатушы арасындағы қарым-қатынас сандық жүйеге көшсе, мемлекеттік реттеуші органдардың да қажеті болмайды. Жаңа технологиялардың арқасында капиталдың артуына жол ашылады. Адам факторы азаяды. Демек цифрлық технологиямен жұмыс жасайтын ғаламдық компанияларға жол ашылғанымен, жалпы жұмыссыздық мәселесіне кері әсері болатынын ескеру керек.

Әлем осыған келе жатыр, біз де бұл жаңалықтан қашып құтыла алмаймыз. Бүгінгідей форумдар ары қарайғы қадамдарымызды айқындауға мүмкіндік береді», - дейді РФ Үкімет басшысы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 16645,3 млн долларға жеткен. Тек Ресеймен арадағы сауда көлемі өткен жылдың 11 айында 17 миллиард доллардан асты. Форум барысында сарапшылар коалиция құру жолдары мен жасанды интеллект және үлкен мәліметтер саласында өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ. Сонымен қатар инфрақұрылым құру, технологияны ілгерілету, цифрлық теңсіздікті жою мәселелерін сөз етеді.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары