$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 13:43
Үкімет

Қазақстан Үкіметі коронавирустан қорғану үшін 1,5 млрд теңге бөлді

Кеше Премьер-министр қосымша құралдар мен маска сатып алу жөніндегі қаулыға қол қойған

Бүгін Мәжіліске келген Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақстан Үкіметінің коноравирусқа қарсы қолданып жатқан шаралары туралы айтты. Вице-премьер кеше Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдаған бірқатар шараларға байланысты тағы тоқталып өтті.

«Қазір біз Қытай Сыртқы істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші кезекте - біздің студенттерді алып келу мәселесі. Екіншіден, сондағы туристерді алып келу мәселесі бар. Кеше Үкімет басшысы қосымша құралдар, маска, тағы да керек заттар алу жөніндегі қаулыға қол қойды. Қосымша 1,5 млрд теңге бөлінген. Яғни, көмекті немесе медициналық қолдауды қажет ететін ааматтар болса, біздің қаржымыз да, мүмкіндікіміз де бар», - деді ол.

Сапарбаевтың хабарлауынша, Қытайда жүрген 680 туристің жартысы елге оралған. Қалғаны бүгін-ертең толығымен қайту керек деген ақпарат бар. «Қайтамыз деген студенттер болса, оларға ұшақ дайындап қойдық» деді Сапарбаев.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары