$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2020, 13:02
Үкімет

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылмайды – СІМ

Үкімет Қазақстанда 72 сағат визасыз тәртіппен жүретін Қытай азаматтарына қатысты режимді уақытша тоқтатты

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылмайды – СІМ
көрнекі фото: Риа новости

Бүгін коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Үкіметте өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев Қытай-Қазақстан шекарасы неліктен жабылмайтынын түсіндірді.

«Шекараны жабу үшін Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі керек. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі қазір Қытай азаматтарына виза беру бойынша талапты күшейтіп, денсаулығы туралы анықтама талап етіп жатыр. Үкімет шешімімен Қытай азаматтарының Қазақстанда 72 сағат визасыз болуына рұқсат беретін режим уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, Қытай азаматтары әзірше әуежайда электронды виза рәсімдей алмайды. Егер шекара жабылса, біз азаматтарды ол жақтан толық шығара алмаймыз», - деді ол.

Қазір Қытайда 1300 Қазақстан азаматы бар. Олардың 635-і Хайнань провинциясында жүрген туристер, 204-і елшіліктер мен компания қызметкерлері мен олардың отбасы. Қазір қысқы демалыс маусымы болғандықтан, студенттердің біразы Қазақстанда.

Айта кетейік, қазір Қытайдан келген 4 адам вирус жұқтырды деген күдікпен ауруханада жатыр.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары