$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2020, 18:42
Үкімет

«Қорғас» шекарамаңы орталығы уақытша жабылды

«Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлігі Қытайдағы індеттің өршуіне байланысты жабылды 

«Қорғас» шекарамаңы орталығы уақытша жабылды

Қытайда коронавирустың жаңа түрінің көптеп тарап, өршуіне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өтізген болатын. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар кешенді алдын алу шараларын қабылдауды жүктеді. Соның ішінде «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің жұмысын уақытша тоқтатуды тапсырды.

Еске сала кетсек, Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус салдарынан 56 адам көз жұмған, 1,9 мыңнан астам ауру жұқтырған.

Аталмыш індет Қытайдан өзге, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Канада сияқты елдерге де жеткен.

Қазірше Қазақстанда қауіпті инфекция таралуы оқиғасы тіркелген жоқ.

Серіктес жаңалықтары