Үкіметтің кеңейтілген отырысы (ФОТО)
Бүгін елордада Президент Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр
Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аймақ әкімдері Нұр-Сұлтан қаласына электр пойызы арқылы, «тальго» арқылы жетті.
Үкіметтің кеңейтілген отырысы тікелей эфирден көрсетіліп жатқан жоқ. Осыған байланысты журналистер тек мәтін түрінде ақпарат таратуға мәжбүр. Azattyq Rýhy тілшіcі Мемлекет басшысы бүгінгі жиынның регламентін бекіткенде «негізгі мәселеге қысқа әрі нұсқа тоқталыңыдар» деген пәрмен бергенін хабарлады.
Алғашқы сөз Үкімет басшысы Асқар Маминге берілді. Мамин баяндамасында 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылы Қазақстанды не күтіп тұрғанына тоқталды. Ақша саясатына байланысты Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақпарат берді. Әлеуметтік жағдай бойынша вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың сөзін тыңдады.
Бұл – Тоқаев президент болғалы өтіп отырған осымен екінші Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Оған Үкімет мүшелері, ақтүтек боранда Нұр-Сұлтан шаһарына шалғайдан артынып-тартынып жеткен аймақ әкімдері қатысып жатыр. Ары қарай фотолар «сөйлесін».
Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалған Мәдина Әбілқасымова мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова
Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов
Қос вице-премьер - Әлихан Смайылов пен Бердібек Сапарбаев
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты байқаған боларсыз.