$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2022, 10:17
Үкімет

Жаңадан құрылатын облыстардың шекарасын бөлу жол картасы аясында іске асырылады – Ұлттық экономика министрлігі

Президенттің тапсырмаларын іске асыру мақсатында министрлік негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді

Жаңадан құрылатын облыстардың шекарасын бөлу жол картасы аясында іске асырылады – Ұлттық экономика министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі негізгі 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді.

  • 1.    Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру;
  • 2.    Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру;
  • 3.    Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар.

«Мемлекет басшысының Жарлығын дайындау жөніндегі жол картасы және оны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленетін болады. Бұл құжаттарда әкімшілік-аумақтық қайта құруларға байланысты барлық қажетті іс-шаралар іске асырылады», - деді министр.

Яғни нақтырақ айтқанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу туралы қажетті Жарлықтарды және Үкімет қаулыларын әзірлеу және қабылдау; жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер; коммуналдық меншікті беру және қабылдау; заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу; жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдар құру мәселелері қарастырылады.

Жолдауға сәйкес «Халық қатысатын бюджеттің» функционалын кеңейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыруды енгізу мәселесі де қарастырылмақ.

«Бұл ретте мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту мақсатында оларға халық қатысатын бюджеттің қаражатын бөлу жөніндегі функциялар бекітіледі. Шын мәнінде оны ауылдық округтер арасында нақты жобаларға бөлетін «қор» деуге болады. Бұл жобаларды жергілікті қоғамдастықтың ұсыныстары бойынша ауыл әкімдері қалыптастырады», - деді Әлібек Қуантыров.

Серіктес жаңалықтары