$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2022, 09:33
Үкімет

Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палатаның жұмысын бақылау күшейеді

Сонымен қатар, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілмек

Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палатаның жұмысын бақылау күшейеді
Фото: ашық дереккөзден

Есеп комитетінің орнына құрылатын Жоғары аудиторлық палатаны құруда бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.

Есеп комитеті Үкіметтен тәуелсіз жоғары мемлекеттік аудит органы ретінде бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қоса, оның функциялары үнемі күшейе түсуде.

«Мәселен, 2016 жылдан бастап Есеп комитеті республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды жүзеге асырады. Бұл алдын алу шараларын қабылдау арқылы бюджеттің тиімсіз шығындарын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата етіп қайта құрылатын болады. Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе жекелеген батыс елдерінде бар», - деді ведомство басшысы.

Министр өз баяндамасында осының барлығы Конституцияны қоса алғанда, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап ететінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары