$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2020, 00:24
Үкімет

Дариға Назарбаева қазақстандық ғалымдарға сенім білдіруге шақырды

Сенат төрағасы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазсушар» РМК басшыларымен кездесті

Дариға Назарбаева қазақстандық ғалымдарға сенім білдіруге шақырды

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазсушар» РМК басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24» сайты.

Өз сөзінде «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев инвестициялық жобаларды тартудағы негізгі проблемаларды атап өтті. Салаға кері әсер ететін басты факторлардың бірі инвесторларды қызықтыратын бос жер учаскелерінің жоқтығын және инвестициялық жобаны іске асыруға үш жылға дейін уақыт кететінін айтты. Дариға Назарбаева бұл өте ұзақ мерзім екенін ескертті.

 «Ғалымдармен, өкінішке қарай, біздің мемлекеттік ведомстволарымызда бірлескен жұмыс жоқ. Ғалымдар көп біледі. Тек бұл ақпарат ешкімге қажет емес. Бұл нені білдіреді? Талдау жұмысы бір де бір ұйымда жоқ деген сөз. Сондықтан да біздің ғалымдарымыздың жұмысына сұраныс жоқ. Өз мамандарымызға сенетін уақыт келді,» - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.

Серіктес жаңалықтары