$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2021, 11:00
Үкімет

2022 жылы елімізде 26 заң жобасы әзірленеді

Биыл 25 заң жобасы әзірленді

2022 жылы елімізде 26 заң жобасы әзірленеді

Бүгін Үкімет отырысында заң жобалау жұмыстарының келесі жылға арналған жоспары қарастырылды. Әділет министрі Марат Бекетаев 2022 жылы «ҚР Әлеуметтік кодексі» жобасы, жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіптік біліктіліктер, агломерацияларды дамыту, жылу энергетикасы туралы заң жобалары әзірленетінін баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Пысықталған Жоспар жобасы 26 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Оның 16-сы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты.  Бірінші жартыжылдықта 7 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 19 заң жобасын әзірлеу жоспарлануда», - деді Марат Бекетаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы 2021 жылы Үкімет 25 заң жобасын әзірлегенін, оның 5-уіне Мемлекет басшысы қол қойғанын, 1-уін Парламент қабылдағанын, 18-і Парламент қарауында жатқанын, 1-уі осы жылдың соңына дейін Парламентке енгізілетінін хабарлады

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапалы әзірленіп, Үкімет пен Парламентке уақтылы енгізілуін қатаң бақылауды тапсырды.  

 

 

Серіктес жаңалықтары