$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір көзден» тендер ұтқандар барлық мемсатып алудың 70%-ын құрайды

Биыл 6 облыста аудит жүргізілген

«Бір көзден» тендер ұтқандар барлық мемсатып алудың 70%-ын құрайды
Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың қатысуымен өткен «Национальный интерес» бағдарламасында мәлім болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біз үшін жүйелік бұзушылықтарды анықтау маңызды. Мемлекеттік сатып алу кезінде «бір көзден» тендер жүргізетіндер көп. Кейбір жағдайда өздері ішінара мемлекеттік сатып алу жүргізіп отыратындар бар. Яғни, тендер жариялаушылар алдын ала белгілеп қойған компанияларды ұтқызады. Бұндай жағдайда ақпарат ашық болмайды. Бұл барлық сатып алудың 70%-ын құрайды», ˗ дейді Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова.

Оның айтуынша, мұндай жағдайдың туындауына елдегі дивидендтік саясат әсер етіп отыр. Мемлекет басшысы «квазимемлекеттік сектор мемлекетке пайда алып келуі керек» деген болатын. Бұл дегеніміз ЖШС, АҚ ең кемінде шығынға батпауы немесе мемлекетке пайда алып келуі тиіс еді.

«Бұл компаниялардан дивиденд 100% мемлекетке төленуі тиіс болатын. Біз тексеріс кезінде квазимемлекеттік компаниялардың мемлекетке төлеген дивиденті 7% ғана болғанын анықтадық. Бұл мемлекеттің қойып отырған талаптарына сай емес. Есеп комитеті дивиденд саясатын қайта қарауды ұсынды. Бұған қоса, бұл квазисектордағы басшылық және қызметкер арасындағы жалақы айырмашылығы және жалпы халықтың жалақысының айырмашылығы жер мен көктей», - дейді Наталья Годунова.

Оның сөзінше, биыл 6 облыста аудит жүргізілген. Барлық өңірге тән негізгі үш проблема бар. Біріншісі, дәрілік заттарды есепке алу. Екіншісі, ауыл шаруашылығына субсидия беру. Үшіншісі, сметалық жобалау жұмыстары кезінде бағаны жоғары белгілеу және жобаның іске асу уақытының тым ұзақ болуы.

Серіктес жаңалықтары