$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2021, 10:02
Үкімет

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялау қажет — А. Мамин

Бүгінде ревакцинациядан 450 мың адам өтті

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялау қажет — А. Мамин

Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбі және жалпы Қазақстан Республикасы жасыл аймақта тұр. Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы  әзірге сары аймақта. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін баяндады. Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 80%-ға жуығы, 8,5 млн-ға жуық азамат, яғни ересек адамдардың 75%-ы екінші компонентін алды. Ал жасөспірімдер арасында вакцинаның І компонентін 242 мың, II компонентін – шамамен 90 мыңы салдырды. Ревакцинациядан 450 мың адам өтті. Сонымен қатар әлемде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, халықты жаппай ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды.

«Жаппай ревакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адамды ревакцинациялау қажет», — деді Асқар Мамин.

Вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 6 ай уақыт өткен азаматтар бұған дейін салынған вакцинаның түріне байланысты қайта вакцина алады.

Серіктес жаңалықтары