$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2020, 13:25
Үкімет

Қазақстанда үш тәулік визасыз тәртіппен жүретін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін алты әуежай жұмыс істейді

Екі ел азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режим 2020 жылдың соңына дейін қолданыста болады

Қазақстанда үш тәулік визасыз тәртіппен жүретін Қытай мен Үндістан азаматтары үшін алты әуежай жұмыс істейді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1028 қаулысымен Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің ережесіне өзгерістер енгізілді. Арнайы транзиттік тәртіп аясында жұмыс істейтін халықаралық әуежайлардың тізімі 4 қаланың әуежайымен толықтырылған. Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларының қатарына Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының әуежайлары қосылды. Бұл туралы ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Сондай-ақ, бұл режимнің күші енді қазақстандық және өзге де шетелдік әуе компанияларымен саяхаттайтын екі елдің жолаушыларына да таралады. Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің 72 сағаттық визасыз тәртібі 2020 жылғы 31 желтоқсанғы сағат 23.59-қа дейін қолданыста болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Тараз әуежайлары арқылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялармен саяхаттайтын ҚХР және Үндістан елдерінің транзиттік азаматтары Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз режимді қолдана алады.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Қытай азаматтары үшін үш күндік визасыз режим енгізді

Жедел мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасы арқылы өтетін әуе көлігімен саяхаттаған транзиттік жолаушылар ағыны 2019 жылы 1 млн. жолаушыдан асты. 2018 жылмен салыстырғанда өсім шамамен 11% - ды құрады. Енгізілген толықтырулар Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жолаушылар санының артуына ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары