$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.01.2020, 18:00
Үкімет

Алдағы 3 жыл бойы шағын кәсіпкерлікті тексеру тоқтатылады

1 қаңтардан бастап еліміздегі шағын кәсіпкерлікті тексеруге жарияланған мораторий күшіне енді

Алдағы 3 жыл бойы шағын кәсіпкерлікті тексеру тоқтатылады

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде, микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және арнайы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізуді тоқтатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жарлық халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулерге жүрмейді. Бұдан басқа, өз қызметіне қатысты кәсіпкерлердің өтініштері, сондай-ақ  Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер жүргізілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Мораторий прокурорлық, кедендік, қарсы салықтық тексерулерге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды тексерулерге, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауға қолданылмайды.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үшжылдық мораторий енгізілгені туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары