Сенат мемлекеттік сатып алу жүйесіне өзгеріс енгізді

Құжатқа мемлекеттік сатып алуды өткізудің 4 жаңа тәсілі енгізілмек

көрнекі фото

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға арналған негіздердің санын бір бастаудан алу әдісімен қысқарту – заң жобасындағы жаңалықтардың бірі болып отыр.

«Заң жобасы мемлекеттік сатып алуды ерекше жағдайларда ғана тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар, тиімсіз болған жағдайда бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлға міндетті түрде жеке жауапты болады», - деді сенатор Еділ Мамытбеков.

Құжат сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізудің 4 жаңа тәсілін, оның ішінде шекті келісімді, рейтинг-балдық жүйені пайдалана отырып, электрондық дүкен арқылы және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өмірлік тізбегі құнын есепке ала отырып сатып алуда конкурстық тәсілді көздейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.