27.12.2019, 16:16
Үкімет
Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын жеке бақылауына алды
Мемлекет басшысы 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото: ktk.kz
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында болған ұшақтың апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын жеке бақылауында болатынын айтты.
«Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Ауруханадағы азаматтардың жағдайы жеке бақылауымда. Зардап шеккендерді қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етеміз», - деп жазды министр Twitter парақшасында.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Алматыдағы медициналық мекемелерге ұшақ апатынан зардап шеккен 49 адам жеткізілгенін, 18 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)