$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 17:59
Үкімет

«Команда ауыстырмаймын»: Ноғаевтың бұрынғы орынбасары энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Жұмабай Қарағаев 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды

«Команда ауыстырмаймын»: Ноғаевтың бұрынғы орынбасары энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Губкин атындағы Мәскеу университетінің «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша түлегі, техника ғылымдарының кандидаты.

Ж. Қарағаевтың мемлекеттік қызметте және жеке секторда 19 жылдық еңбек өтілі бар. Түрлі жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды, Атырау әкімдігінің ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Атырау облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы, Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі лауазымында болды.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Жақында Энергетика министрі болып тағайындалған бұрынғы Атырау облысының басшысы журналистерді «Команданы ауыстырмаймын» деп сендірген еді. 

Серіктес жаңалықтары