Тексеру комиссияларының жұмысына жыл сайын бөлінетін 4 млрд теңге ақталмай отыр – Сенат депутаты
Сенатор тиісті бақылаудың жоқтығын айтты
Сенатор Андрей Лукин Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына жолдаған депутаттық сауалында тексеру комиссияларының жұмысы бойынша қаржыға қатысты ережелердің бұзылғаны туралы хабарлады.
Сенатордың пікірінше, қаржыға қатысты көптеген ереженің бұзылуы комиссия төрағасы мен мүшелерінің тиісті бақылауының жоқтығын көрсетеді және бұл заңнама талаптарын ескермеу салдарынан болып отыр.
«Мекемелердің басшылығы мен мемлекеттік аудиторлардың бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында жоспарлау мәселелерінен бастап аудит және қаржылық бақылау процесіне дейін заң талаптарының елеулі бұзылуы болғанын талдау нәтижелері көрсетіп отыр. Жалпы, республика бойынша тексеріс комиссияның 676 қызметкері бар және штат саны өңірге байланысты. Оларды қамтамасыз етуге жыл сайын шамамен 4 млрд теңге жұмсалады. Осылайша, Заңның 3-бабына сәйкес тексеру комиссиясы штаттардың көптігіне және бөлінетін қомақты қаражатқа қарамастан, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалануды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармайды», - деді Андрей Лукин.
Депутат оған бақылау-қадағалау функцияларын, атап айтқанда, тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыру тетіктерінің жетілдірілмеуі ықпал ететінін, бұл оны іс жүзінде қолдану үшін жеткілікті қиын әрі оңайлатуды талап ететінін атап өтті.