$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2021, 10:04
Үкімет

ИИДМ ресейлік шоуменнің Қазақстандағы автожол сапасына қатысты пікіріне жауап берді

«Атырау-Астрахань» автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған

ИИДМ ресейлік шоуменнің Қазақстандағы автожол сапасына қатысты пікіріне жауап берді
Коллаж: Azattyq Rýhy

9 қыркүйекте ресейлік актер - шоумен Станислав Ярушин «Камызяки» КВН командасының белді мүшесі Ренат Мухамбаевпен сұхбат құрып, осыдан бірнеше жыл бұрын өзі куә болған оқиғаны айтып берді. Бұл - «Атырау-Астрахань» автожолының жағдайы.

«2016 жылы досым Арарат Кещян екеуміз Астарахань қаласынан ұшып барып, ары қарай Атырау қаласына көлікпен бардық. Мен өмірімде бұдан жаман жол көрген емеспін. Шұрық-тесік жол. Кеше ғана сол жерден Гитлер шыққан сияқты», - деп еске алды.

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі «Атырау-Астрахань» автожолына қатысты шоуменнің пікіріне жауап берді.

Жалпы ұзындығы 277 шақырымдық «Атырау-Астрахань» автожолы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. 8 тоннаға дейінгі салмақты көтеретін III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол.

«Жолдың техникалық жағдайы ағымдағы және орташа жөндеу есебінен сақталды. Орталық Азия елдерінен келетін ауыр жүк транзиттік көлік құралдарының артуына байланысты жолдың жағдайы нашарлады.

2018-2019 жылдары «Атырау-Астрахань» жолының бүкіл бойында жобалау-сметалық құжаттама әзірленді», - делінген ведомство жауабында.

ИИДМ мәліметінше, 2019 жылы Ресей Федерациясы шекарасынан Ганюшкино кентіне дейін ұзындығы 60 шақырымдық бірінші учаскені қайта жаңарту басталды.

Ұзындығы 217 шақырым болатын қалған учаскелерде құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталған. 2021 жылы ұзындығы 92 шақырымдық учаске пайдалануға беріліп, қалған 185 шақырымындағы жұмыстарды 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары