22.09.2021, 14:21
Үкімет
Келер жылы жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері қанша болады
Оған қоса, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері қанша болатыны айтылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды.
Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген.
Талқылау үшін жарияланған заң жобасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
- зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
Заң жобасының талқылау мерзімі 2021 жылдың 6 қазанына дейін жалғасады.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 07:36
Астанада жаңбыр мен қар, Алматыда көктайғақ: алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады
23.11.2026, 05:27
Теміртау маңындағы тасжолда жарылған дөңгелек үш жол апатына себеп болды
23.11.2026, 08:17
Сүйінші: Маңғыстауда бір жыл бұрын үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел сәби сүйді
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
