$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.09.2021, 09:56
Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік мекеменің басшылығы жемқорлық күдігіне ілінді

Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік мекеменің басшылығы жемқорлық күдігіне ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығына – К. есімді азаматқа қатысты қатысты айтарлықтай мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.

«Ұсталған адамдардың барлығы тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде. Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары