15.09.2021, 17:53
Үкімет
Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған Руслан Манатаев қызметінен кетті
Ол осы қызметте небәрі бір жыл жұмыс істеген
Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды деп хабарлайды Премьер-министрдің ресми сайты.
Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған. 2018-2020 жылдары «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары. 2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды