$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 12:48
Үкімет

Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру: Қазақстанда қанша адамның табысы артады

Еңбек министрі алдағы 4 жылда азаматтық қызметшілердің де жалақсы өсетінін айтты

Ең төменгі жалақы мөлшерін өсіру: Қазақстанда қанша адамның табысы артады
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды. Яғни, 2022 жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейеді.

Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Жолдаудағы тапсырманың қалай іске асатынын айтты.

«2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл шара 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің ақшалай табыстарының өсуіне алып келеді. Бұл сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа да қызметкерлердің кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, 4 жыл ішінде азаматтық қызметшілердің жекелеген 588 мың санатының (мұрағатшылар, кітапханашылар, музейтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және т.б.) жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін Үкімет қаулысының жобасы әзірленеді. Нәтижесінде, 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20%-ға артып, 2025 жылға қарай екі есеге артады. Ең төменгі жалақы 49 мыңнан 60 мың теңгеге дейін немесе 22%-ға өседі», – деді министр.

Сондай-ақ министр Мемлекет басшысының әлеуметтік масылдықты төмендетуге және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қатысты тапсырмалары әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодексте ескерілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары