$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 17:56
Үкімет

Мектеп психологтары тиісті курстардан өту үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр - Дана Нұржігіт

Сенатор педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыруда жүйе жоғын айтты

Мектеп психологтары тиісті курстардан өту үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр - Дана Нұржігіт
Дана Нұржігіт, фото: parlam.kz

Сенатор Дана Нұржігіт Білім және ғылым министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында пандемия кезінде оқушылардың психологиялық жағдайына ерекше назар аудару қажет екенін айтып, бұл мәселеде кәсіби педагог-психологтардың қолдауынсыз жұмыс істеу мүмкін емес екенін жеткізді.

«Қазіргі жағдай мынадай: мектептердегі психологтардың жұмысын ұйымдастыру деңгейі және ол жұмыстың сапасы әр өңірде әртүрлі. Бір сөзбен айтқанда, жүйе жоқ. Сондай-ақ, білім беру жүйесіндегі психологтардың мәртебесін, орнын, психологиялық қызмет жұмысының әдісін, тапсырмаларын, міндеттерін, мақсаттарын анықтауда да бірізділік жоқ. Өйткені «Білім туралы» заңға сәйкес бұл жұмыс жергілікті органдарға жүктелген», - деді сенатор.

Сенатор тағы бір мәселе ретінде мектеп психологтарының біліктілігін арттыру жайын айтты.

«Психологтар тиісті курстардан өту үшін өз қалтасынан төлеуге мәжбүр, бұл үшін бюджет ақшасы бөлінбейді», - деді Дана Нұржігіт.

Серіктес жаңалықтары