$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 10:15
Үкімет

Ауыл кәсіпкерлеріне несие беретін микроқаржы ұйымдарының мүмкіндіктері артады – Ұлттық банк төрағасы

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп Бюджет кодексіне енгізілетін түзетулерді әзірлейді 

Ауыл кәсіпкерлеріне несие беретін микроқаржы ұйымдарының мүмкіндіктері артады – Ұлттық банк төрағасы
Фото: ашық дереккөзден

Биыл жекелеген нарықтардағы азық-түлік инфляциясының өсуі 11,4%-ды құрады. Маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіздің бақылаусыз экспортына байланысты баға күрт өсіп, соның салдарынан ішкі нарықта дефицит пайда болды. Бұл туралы Ұлттық банк Төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.                           

«Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді түрде шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр», - деді Досаев.

Бұл ретте Ұлттық қордан берілетін трансферттердің көлемін және мемлекеттік шығыстардың өсу қарқынын шектейтін контрциклдық бюджеттік қағида енгізілмек. Яғни Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп Бюджет кодексіне енгізілетін түзетулерді әзірлейді және тиісті тәсілдер Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында бекітіледі.

Сонымен қатар, еліміздің бас банкирі ауылдағы кәсіпкерлікті кредиттеуді одан әрі дамыту үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп осы жылдың соңына дейін микроқаржы ұйымдарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қажетті шешімдер топтамасын дайындайтынын атап өтті. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары