$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 18:00
Үкімет

Тараз маңындағы жарылыс: депутаттар Қорғаныс министрлігінің жауабына қанағаттанбайтынын айтты

Азат Перуашев депутаттарды зардап шеккен құтқарушыларға көмектесу үшін бір күндік жалақысын аударуға шақырды

Тараз маңындағы жарылыс: депутаттар Қорғаныс министрлігінің жауабына қанағаттанбайтынын айтты
скриншот: видео

Мәжіліс депутаттары Тараз маңындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде Арыс қаласындағы қоймадан шығарылған оқ-дәрілердің сақталуын өрт сөндірушілерден жасырған Қорғаныс министрлігі мен әскери қызметшілердің ісіне наразы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар тек көршілес ауылдар мен Таразды дүр сілкіндіріп қана қойған жоқ. Бүгінгі таңда қаза тапқан 15 әскери қызметші мен құтқарушы туралы белгілі. 98 адам әр түрлі жарақат алды. Жүзден астам ғимараттар, соның ішінде тұрғын үйлер, мектептер, қоғамдық мекемелер және бизнес нысандары қирап, бүлінген. (...)

2019 жылы Арыс қаласындағы жарылыстан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық оқ-дәрі қоймаларын елдімекендерден тыс жерлерге көшіруді және оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігіне толық кепілдік беруді тапсырды. Көріп отырғанымыздай, қазір бір кездері Арыс қаласынан әкетілген снарядтарды, оның ішінде оқ-дәрілерді сақтау және кәдеге жарату тәртібі бұзылды. Демек, Арыс қаласынан Таразға жеткізілді, бірақ қорғау шаралары мен қауіпсіздік кепілдіктері туралы ешкім ойлаған жоқ. Сонымен қатар, тірі қалған құтқарушылардың лауазымды тұлғалар тарапынан жанып жатқан қоймаларда оқ-дәрілердің бар-жоғын жасырғаны туралы видеолар бар. Мұның салдары адамдардың өліміне әкеліп соқтырды», - деді Мәжіліс депутаты Альберт Рау Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында.

Альберт Рау көтерген мәселені әріптесі Азат Перуашев та қолдады. Сондай-ақ депутаттарды зардап шеккен құтқарушыларға көмектесу үшін бір күндік жалақысын аударуға шақырды.

«Біз трагедияның себептерін шешуді талап етеміз. Тірі қалған құтқарушылардың жанып жатқан қоймаларда оқ-дәрілердің болуы олардан жасырылған туралы ақпараты ерекше назар аударуды талап етеді! Құпия салдары адам өліміне әкелді. Бізді Қорғаныс министрлігінің осы мәселелер бойынша жариялаған түсініктемелері қанағаттандырмайды. Біз тергеу қорытындысы бойынша барлық кінәлілерді жауапкершілікке тартуға шақырамыз», - деді Перуашев.

Альбер Рау жауапты ведомствоның жұмыс жүйесін түбегейлі қайта қарауды ұсынды.

«Тағы бір сұрақ туындайды, жауынгерлер командирсіз бола алмайды. Алайда, бұл қайғылы жағдайда бөлім командирінің даусын да, атын да ешкім естіген жоқ. Ол кім? Бұл кадр тапшылығын білдіре ме, немесе бөлім командирін жауапкершіліктен босату әрекетін білдіре не? Осы мәселелердің барлығы өз шешімін табуға тиіс. Бәлкім, бұл тек оқ-дәрілерді қоймада сақтау және кәдеге жарату жүйесін ғана емес, жалпы Қорғаныс министрлігінің жүйесін де түбегейлі қайта қарауға себеп болуы мүмкін», - деп атап өтті Альберт Рау.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде жалпы саны 15 адам қаза тауып, 100 шақты адам жарақат алды.

Қаза тапқандардың жартысы әскерилер болса, қалғаны - өрт сөндірушілер.

Серіктес жаңалықтары