$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 14:50
Үкімет

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі

Қазақстандағы БЖЗҚ салымшылары өз жинағының белгілі бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін жеткілікті шегінен жоғары мөлшерде «Отбасы банк» есепшотына аударуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында айтты.

«Мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану бастамасының оң динамикасы туралы айттым. Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін «Отбасы банк» есепшотына жеткілікті шегінен көп мөлшерде аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын», - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ-ның 700 мың салымшысы өз жинағының белгілі бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алатынын немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алатынын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары