$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 14:18
Үкімет

Тоқаев қазақстандықтарды антиваксерлерге ермеуге шақырды

Президенттің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қоры жеткілікті

Тоқаев қазақстандықтарды антиваксерлерге ермеуге шақырды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында вакцинацияға қарсы шыққан адамдарды арандатпауға шақырды.

«Вакциналау науқанына қарамастан, кейбіреулер қарсы. Олар тек өздері ғана емес, сонымен бірге халықты үгіттейді, сондықтан көптеген адамды адастырады. Мұндай адамдар басқаларға зиян тигізетінін түсінуі керек», - деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай адамдар өздерінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауапты екенін айтты.

«Адамзат көптеген індеттерден аман қалды. Жақын арада коронавирустың жаңа штамдары пайда болуы мүмкін. Біз оны күтіп отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, одан әрі дамуға бейімделуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы, қазір бустерлік вакцинаны сатып алу өте маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы ДДСҰ-да тіркелген вакциналарды мүмкіндігінше тезірек сатып алу керектігіне тоқталып, отандық вакцина жайлы сөз етті.

«Қазақстан - коронавирусқа қарсы вакцина жасаған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Біздің вакцина тиімді және қауіпсіз екендігінде күмән жоқ. Қазір Qazvac басқа мемлекеттерге де сұранысқа ие. Вакцинаны жеткізу жеткілікті. Біздің азаматтарымыздың таңдауы бар. Көптеген мемлекеттер бұған қол жеткізе алмай отыр», - деді Қ.Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қоры жеткілікті.

Серіктес жаңалықтары