ШұғылCOVID-19: өткен тәулікте 1266 адамнан коронавирус анықталды

Алдағы 5 жыл ішінде ақылы болатын автожолдар белгілі болды

Төлемақы алу жүйесін енгізу бойынша инвестиция көлемі 25 млрд теңгеден асады

Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «Far Eastern Electronic Toll Collection Co., LTD» компаниясы және қазақстандық «Computer Vision Technologies» ЖШС консорциумы арасында инвестициялық шартқа қол қойылды.

Шартқа сәйкес, консорциум республикалық маңыздағы 11 мың шақырым автокөлік жолдарына төлемақы алу жүйесін енгізуді жүзеге асырады. Жобаны іске асыру 2 кезеңнен тұрады: 2020 жылы — 5,7 мың шақырым («Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі және т. б.), 2021-2024 жылдары — 5,3 мың шақырым («Қарағанды – Балқаш – Алматы», «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» және т. б.).

Консорциум инвестициясының көлемі 25 млрд теңгеден асады, қайтару мерзімі – 11 жыл.

«1 техникалық санаттағы жолдармен жүру ақысының мөлшері қолданыстағы басқа да ақылы жолдар сияқты болады. 2 және 3 техникалық санаттағы жолдармен жүру жеңіл автокөліктер үшін тегін болады. Төлемақы алу жүйесі шлагбаумсыз – ашық болады, ұзындығы 682 шақырым болатын «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас» учаскелерінде жұмыс істеп тұрған «ҚазАвтоЖол» төлемақы алу жүйесімен біріктіріледі», - делінген Премьер-министрдің ресми сайтында.