$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2021, 16:32
Үкімет

Қазақстанда ЖОО ректорларының рейтингі жасалады – БҒМ

Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық шешімдер қабылданады

Қазақстанда ЖОО ректорларының рейтингі жасалады – БҒМ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында еліміздегі университет рекоторларына қатысты өзгерісті айтты.

Министрдің айтуынша, биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгізіледі. Сондай-ақ осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдер қабылданады.

«Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты», - деді министр.

Еске салайық, Қазақстанда иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың тізімі жарияланды. Стратегиялық объектілердің тізбесінде 36 мемлекеттік университет бар. 

Серіктес жаңалықтары