ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен екі өңірді атады

Қазақстанда вакцинаның ІІ компонентін 1,4 млн адам алған

көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинациялау қарқыны төмен өңірлерді атады. Министрдің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін 2 547 363 адам алса, ІІ компонентін 1 435 334 алған. Бұл - екпе алуға жататын халықтың 25,7 пайызы.

Өңірлер бойынша, вакцинациялау қарқыны ең төмен облыстар - Маңғыстау (13,2%) және Қостанай (19,5%).

«Облыстардың, қалалардың әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды жеке бақылауға алып, халықты қосымша ынталандыру жетіктерін арттыруы және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», - деді министр Үкімет отырысында.

Еске салайық, Қазақстанда вакцинация паспорты коронавирусқа қарсы екпенің ІІ компонентін алғандарға ғана беріледі. Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды: Моңғолия, Тайланд және Венгрия.