$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.06.2021, 10:52
Үкімет

Өндірістік жарақат жиі болатын өңірлер аталды

Қаңтар-мамырда республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 564 адам зардап шекті

Өндірістік жарақат жиі болатын өңірлер аталды
көрнекі фото

Үкімет отырысында кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары қаралды. Отырыста Қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары бекітілді. Жоспарды іске асыру нәтижесінде өндірістік жарақаттану 10%-ға, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны 20%-ға дейін төмендейді деп болжанған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

Биыл жыл басынан бері өндірістік жарақаттану деңгейі 1 мың адамға 0,08 құрады (2020 жылғы 5 айда – 0,07). Осы жылғы қаңтар-мамырда республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 564 адам зардап шекті, оның 19,5%-ы тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында, 4,5%-ы коммуналдық шаруашылықта және 10%-ы – құрылыс саласында.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында сақталуда. Бұл көрсеткіштің төмендеуі Қостанай және Павлодар облыстарында байқалады.

Серіктес жаңалықтары