Қазақстанда электр самокатпен жүруге шектеулер енгізілуі мүмкін - ІІМ

Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылған

Қазақстанда электр самокатпен жүруге шектеулер енгізілуі мүмкін - ІІМ
көрнекі фото

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есептік кездесуінде электр самокатпен жүруге қатысты мәселені қозғады. Министрдің айтуынша, Қазақстанның қолданыстағы заңында самокат деген көлік туралы қарастырылмаған. Себебі, самокат доңғалағының диаметрі, тежегіш жүйесі, айналары, қауіпсіздік жүйесі көліктерге қойылатын талаптарға сай келмейді. Оған қоса, техниканың сертификаты жоқ.

ІІМ басшысы қазір ҚР-да электр самокаттармен трассалар мен жолдарда жүруге үзілді-кесілді тыйым салынатынын ескертті.

Қазір ведомство веложолдар және тротуарларда электр самокатпен жүру мәселесін қарастырып жатыр екен. Мұндай шектеулер Еуропаның бірқатар елдерінде енгізілген.

«Біздің елде бұл мәселе реттелмеген. Осы мақсатта мүдделі орган қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Заңнамаға өзгерістер енгізіледі немесе ұсыныстар қаралады деп ойлаймын», - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.