03.06.2021, 11:56
Үкімет
Түркістан-Ташкент бағытында жаңа халықаралық рейс ашылады
21 маусымнан бастап Fly Arystan әуе компаниясы аптасына 2 рейс орындайды
фото: fergana.agency
Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ӨР Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.
Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының Түркістан-Ташкент бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күндері) ұшатыны келісілді.
Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды