ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Заңсыз қоқыс орындары көбейген: депутат мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды

Қазақстанда заңсыз қоқыс орындары көбейген

көрнекі фото

Сенатор Әбдәлі Нұралиев экологияға қатысты өткір мәселелерге тоқталып, депутаттық сауал жолдады. Депутат қалалардағы ауаның жоғары деңгейде ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының нашар жағдайы және жайылым жерлерінің тозып кетуі жайында айтты.

«Қазір еліміздегі бар 3 мыңнан астам полигонда 125 млн тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған. Бұл полигондардың 82%-ы экологиялық және санитарлық нормаларға сай келмейді. «Қазақстан ғарыш Сапары» компаниясының ғарыштық мониторингі шеңберінде елімізде жылдар бойы заңсыз қоқыс орындарының көбеюі анықталып, оларды жою шаралары толық шешімін таппай отыр», - деді Әбдәлі Нұралиев.

Депутат тек мәселені көрсетіп қана қоймай, оларды шешудің ықтимал жолдарын айтты. Атап айтқанда, экологиялық тәрбиені мектептерге қарқынды түрде енгізуді, ауаның тазалығына арналған арнайы заң жобасы мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және жою жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды.