$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.06.2021, 11:56
Үкімет

ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанға қыркүйектен бастап барлық мектепті дәстүрлі форматқа көшіруге кеңес берді

Пандемия кезінде әлемде әрбір үшінші оқушы қашықтан білім ала алмаған

ЮНИСЕФ өкілі Қазақстанға қыркүйектен бастап барлық мектепті дәстүрлі форматқа көшіруге кеңес берді
көрнекі фото

ЮНИСЕФ-тің (БҰҰ Балалар қоры) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бүгінгі Үкімет отырысында жаңа оқу жылында елдегі барлық оқушы дәстүрлі форматқа қайта көшуі керектігін айтты.

«ЮНИСЕФ жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуға тиіс», - деді Артур ван Дизен.

Еске салайық, 28 мамырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Қазақстандық балалар жаңа оқу жылында мектептерге барады ма?» деген сұраққа жауап берді. Министрдің айтуынша, бәрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер халықтың көпшілігі вакцина алса және барлық санитарлық талаптар мен шектеулер сақталса, қыркүйектен бастап ең алдымен білім беру ұйымдары мен мектептерді ашу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары