1 қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма?

Асхат Аймағамбетов оқушылардың мектепті, достарын және мұғалімдерін қатты сағынатынын айтты

1 қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма?
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «қазақстандық балалар жаңа оқу жылында мектептерге барады ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Өте өзекті сұрақ, бірақ жауап келесідей болады: бәрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер біз халықтың көп бөлігін вакцинациялай алсақ және барлық санитарлық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, келесі оқу жылында, қыркүйектен бастап біздің білім беру ұйымдарымызды және ең алдымен мектептерді аша аламыз деп санаймын», - деді Асхат Аймағамбетов халық алдындағы есептік кездесуінде.

Оның айтуынша, балалар мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынады.

«Оқушылар мектепті сағынып, дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бұл бәрімізге, бүкіл қоғамға байланысты шешіледі. Бірақ, бүгінгі таңда мемлекет қабылдап жатқан вакцинация қарқыны мен эпидемияға қарсы шаралар келесі оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенуге негіз береді деп ойлаймын», - деп түйіндеді сөзін министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.