$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2021, 12:39
Үкімет

Қазақстанда әжетханасы ғимарат сыртында орналасқан әлі 100 мектеп бар

Былтыр олардың саны 1700 болған

Қазақстанда әжетханасы ғимарат сыртында орналасқан әлі 100 мектеп бар
көрнекі фото

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуінде мектеп сыртында орналасқан дәретханаларды жою және оларды мектептердің ішіне орналастыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Әрине, жылы дәретханалар туралы көптеген сауал бар. Бұл мәселеге қатысты Президенттің тапсырмасы бар екенін білесіздер. Осыдан бір жыл бұрын елде 1700 аула дәретханасы болған. Бір жыл ішінде 1600 жылы дәретхана салынды. Жергілікті атқарушы органдар үлкен жұмыс атқарды», - деді Асхат Аймағамбетов.

Яғни, министр 100 дәретхана мәселесі әлі шешілмей тұрғанын атап өтті.

«Қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Біз 1 қыркүйекке дейін бұл сұрақты толығымен шешу міндетін қойдық. Жақында ғана біз бұл мәселені ҚР Үкіметі жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қарадық», - деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Тараз қаласында оқушы қыз зорланған еді. Ол даладағы әжетханадан шыққанда 38 жастағы күдікті тап беріп, жәбір көрсеткен. Осы оқиғадан кейін республикадағы барлық мектептің әжетханасы бойынша мәселе қайта күн тәртібіне шықты.

Серіктес жаңалықтары