$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 23:56
Үкімет

Асқар Мамин Беларусь Премьер-министрімен келіссөз өткізді

Биыл екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады

Асқар Мамин Беларусь Премьер-министрімен келіссөз өткізді

ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылады.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары.

Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша ҚР мен БР 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді. 

Серіктес жаңалықтары